
Оксана Синельникова Тұрақты даму жөніндегі директор, Solva Global

Шолпан Кенжебекова Тұрақты даму жөніндегі директор, Solva Kazakhstan
Біздің миссиямыз — микро-, шағын және орта бизнеске арналған адал кәсіпкерлік ортаны дамыту, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы қоғам әл-ауқаты деңгейін арттыру
Наталья Ульченко
Құс фермасының иесі, Solva клиенті
2020 жылдың ортасынан бастап біз Қазақстан бойынша 52 мың кәсіпкерге көлемі 66 млрд. тг. микрокредит бердік.
Біз кәсіпкерлік қызметтің кең ауқымды және инклюзивті сала деп санаймыз. Кәсіпкерлікпен жынысына, жасына, діни сеніміне, білім мен әлеуметтік статус деңгейіне қарамастан, кез келген адам айналыса алады.
Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы шешім қабылдаған кез келген қазақстандық пайдалана алатын ыңғайлы және түсінікті қаржылық сервисті әзірлеу. Біздің кәсіпкер клиенттеріміз жеке ісін дамытуға арналған қаржылық өнімдерімізді таңдай отырып, жайлы сезінуін қалаймыз.
2023 жылдың басында Solva Біріккен Ұлттар Ұйымының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақтылық жөніндегі Жаһандық шартына қосылды және адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы БҰҰ ЖШ-ның он қағидатына адалдығын білдірді.
Біздің кредиттік портфеліміздің 70% қарызы бизнес иелері болып табылатын әйелдерге берілген. Қарыз сомасы 85 млн. АҚШ долларын құраған. Біз кәсіпкер ханымдардың ішінде компания ұсынатын цифрлық қаржылық өнімдерге деген сұраныстың жоғары екендігін байқадық, сол себептен оларға бизнес-жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беру маңызды деп санаймыз.
Мемлекет бойынша кәсіпкер ханымдардың оқиғалары бізді күн сайын ынталандырады! Ерекше бизнес-кейстермен бөлісу туралы шешім қабылдадық, сол себептен “Әйелдер ісі” деп аталатын Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің қоғамын құрдық.
“Әйел ісі” – бұл менторлық және білім беру бағдарламаларының қатысушысы бола алатын, біліммен және тәжірибемен бөлісетін мультифункционалдық алаң.
кредиттік портфельдің 70%-ы
әйелдер бизнесіне 85 млн. доллар
Мемлекеттің экономикасындағы ауыл шаруашылықтың елеулі рөліне қарамастан, Қазақстандағы көптеген фермерлер қаржылық қорларға қол жеткізу шектеулі екендігін атап көрсеткен. Біз өзімізге ауыл шаруашылығы саласында бизнеспен айналысатын тұлғаларға микроқарызды беру үдерісін жеңілдетуді мақсат еттік. Осылайша бизнес қызметінің дамуына үлес қосып, фермерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын жақсартуға көмектесеміз деп санаймыз.
Біз құжаттарды жинау мен тапсыруға жұмсалатын шығын мен уақытты қысқартамыз, себебі қажетті ақпаратты деректердің электрондық базалары арқылы жинаймыз.
Бұған қоса қызмет көрсету шарттарын жетілдіре отырып, оларды шаруашылықпен айналысатын клиенттеріміздің қажеттіліктеріне қарасты бейімдейміз. Мысалы, біз еліміздің алшақ өңірлерінде тұратын клиенттерге микроқарызды өтеудің ең икемді шарттарын ұсынамыз. Алдағы 2 жыл ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын клиенттердің үлесін жалпы кредиттік портфельдің үштен бір бөлігіне дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Нарбуви Тагаева
Ауыл шаруашылығы, Solva клиенті
Жеке бизнес-жобаны жүзеге асыру мен әл-ауқатты болу адамның қаржылық білім деңгейіне тікелей байланысты екендігіне сенеміз. Біз мемлекет бекіткен 2020-2024 ж. арналған қаржылық сауаттылықты арттыру концепциясына» негізделе отырып, осы бастамашыл жобаны серіктестерімізбен бірлесе отырып, жүзеге асырып келеміз.
Компания түрлі іс-шара өткізу нысандарын пайдаланады: онлайн және офлайн лекциялар мен жаттығулар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде әзірленіп, оқыту еліміздің түрлі өңірлерінде қаржылық білім деңгейі түрлі аудитория арасында өткізіледі.
Соңғы екі жыл ішінде қаржылық сауаттылық бойынша өткізілген іс-шараларымызға 7 000-нан астам қазақстандық қатысты.
Тренингтерге 7000 қазақстандық қатысты
Біз өз жұмысымызда әрқашан ашықтық, адалдық және құрмет қағидаттарын басшылыққа аламыз
Біз клиенттерімізге микрокредиттеу шартына қол қоюдың алдында оның барлық шарттары туралы толық, түсінікті және шынайы ақпаратты ұсынамыз.
Біз майда қаріпті және басқа да маркетингтік айлаларды пайдалана отырып, клиенттерді алдамаймыз.
Шамадан тыс кредиттеудің алдын алу үшін біз қарыз алушылардың қаржылық мүмкіндіктерін мұқият тексереміз. Клиенттерде өз міндеттерін орындай алмайтын жағдайлар туындаса, біз мерзімі өткен берешекті жеке тәртіпте реттеу бойынша рәсімдерді жүргіземіз. 2022 жылдың басынан бастап 1 100-ден астам клиент мерзімі кейінге қалдырылған жеке кестелер мен оның ішінде негізгі қарыз бойынша төлемдерді қайта құрылымдауды алды.
Бізде қарыз алушылардың құқықтары бойынша омбудсменнің виртуалды қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Қабылдау бөлмесіне жүгіну үшін келесі сілтемені пайдаланыңыз.
Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл біздің бизнесіміздің ұзақ мерзімді табысының негізі болып табылады.
Біздің компанияда іскерлік мінез-құлықтың корпоративтік стандарттарын анықтайтын және біздің құндылықтарымызға сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кәсіби этика Кодексі бар. Компанияда тұрақты тренингтер мен сапаны қатаң бақылау мәдениеті қалыптасқан.
Біз сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанамыз. Solva-ның барлық қызметкерлері кез келген сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық әрекеттерге жол бермеу туралы міндетті түрде хабардар және тек алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес әрекет етеді.
Solva компаниясының негізгі құндылығы – ол біздің қызметкерлеріміз. Біз өзінің қызметкерлерінің әл-ауқаты туралы ойлайтын, тең мүмкіндіктерді ұсынатын, команданың әрбір мүшесінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шарттарды жасай отырып, ең үздік жұмыс беруші болуға тырысамыз.
Біз қызметкердің жынысына немесе жасына қарамастан, бәсекеге қабілетті жалақы деңгейін және адал бақылау жүйесін ұсынамыз.
Сонымен бірге біздің уәждеме жүйеміз материалдық емес құралдардан тұрады: медициналық сақтандыру, шетел тілін оқыту, біліктілікті арттыру және өзін өзі дамыту курстары.
Қазақстанның әр өңірінен 500-ден астам Solva қызметкерi жұмыс істейд
Біздің қызметіміз қоршаған ортаға тікелей теріс әсер етпейді. Алайда біз табиғи қорларды пайдалану кезінде жауапкершілік танытамыз.
Solva Қазақстанның қаржылық секторындағы алғашқы көмірсутек-бейтарап компаниясына айналды. 2020 жылы біз зиянды шығарылым көлемін тәуелсіз бағалауын жүргізіп, CO2 шығарылымын қоса алғанда, қоршаған ортаға теріс әсерді өтеу бойынша бірнеше жобаға қатыстық.
Бағалауды жүргізу үшін Ұлыбританияның танымал профильді ұйымы болып табылатын Carbon Footprint Ltd компаниясы шақырылды. Осы статусты растау үшін қайтадан бағалауды өткізу туралы компанияның жоспары да бар.
Оксана Синельникова Тұрақты даму жөніндегі директор, Solva Global
Шолпан Кенжебекова Тұрақты даму жөніндегі директор, Solva Kazakhstan